Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 22 қараша 2015 жыл
Жалпы ДІН туралы АҚИҚАТТЫ халыққа КІМ айтуы МҮМКІН ?!
…қазақтың зияткер ғалым — ғұламалары ма, ƏЛДЕ… …дінді кəсіп еткен зомби діндарлар ма ?!…
ДІН және МЛМ
Бүгінгі көп қазақтың «терең» айналысып кеткен, осы екеуінің адамға ӘСЕР ету технологиясы БІРДЕЙ. Бұл екеуі, ДІН (халықты уыста ұстау құралы) және МЛМ ( сетевой маркетинг, сауда құралы) халыққа ең қажетті қызмет ( ат қою — крестины, жерлеу — похороны т.с.с.) түрлеріне және адамдар тұрақты әрі жиі пайдаланатын сапалы тауар мен қызмет түрлеріне «монополия» орнатып алып, адамзатты өздеріне жіпсіз байлап алған сияқты…
Біріншісі, адамды ұлттық САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРПЫНАН, яки ұлттық болмысынан айыруға бағытталған.
Екіншісі, адамды «сатудан» басқаны ұқпайтын етіп, жалпы ойлау жүйесін өзгертіп, бір фирманың (желінің) ҚҰЛ- зомбиіне айналдыруға бағытталған. МЛМ- нің құрығына 2-3 ай ілінген адам, жанашыр жақындарын тыңдаудан қалып »жаттағанын» айтудан жалықпайды. Ал ДІНДІ жылдар бойы »жаттағандармен» пікір таластыру қиынның ҚИЫНЫ.
?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…
Жаратқанға, ҚҰДАЙҒА әр адам ДЕЛДАЛСЫЗ тікелей СЕНУІ тиіс!
Атам заманнан
ҚАЗАҚ ҚҰДАЙСЫЗ ЕМЕС…!
… ДІН атаулының бәрі АДАМДЫ ұжымдық ГИПНОЗ арқылы ЗОМБИГЕ айналдыратын ҚҰРАЛ ғой…
СЕНІМ қалай ДІНГЕ айналды…?!
Халықты уысында ұстау ҚҰРАЛЫН іздеген ЕЛ БИЛЕУШІЛЕР, өздерімен “ымы-жымы” бір АЛАЯҚТАРДЫҢ көмегімен,
адамзаттың ҚҰДАЙҒА деген СЕНІМІН,
ел басқарудың әмбебап құралы ДІНГЕ айналдырып алған ғой…
… бізді қоршаған ортаны — ӘЛЕМДІ жаратып қана қоймай,
бүкіл АДАМЗАТҚА бірдей парасат беріп, ТЕҢ етіп ЖАРАТҚАН тылсым КҮШТІ — ТАБИҒАТТЫ,
барша адамдар (ұлтына қарамастан) ҚҰДАЙ деп таныйды ғой…
… ал, ДІН болса, адамзатты жік-жікке бөліп, әр біріне жеке — жеке ҚҰДАЙ тауып беріп, бір бірімен дауластырып қойған ДҮЛЕЙ КҮШ сияқты ғой…
… ДІН атаулының бәрі, ғасырлар бойы БИЛІКТІҢ қолдауына сүйеніп,
адамзат САНАСЫНА мықтап кіріп алғаны АҚИҚАТ.
… ДІНДЕРДЕН бас тарту, бірден мүмкін болмағандықтан,
ҚАЗАҚ азаматтық ҚОҒАМЫ, бар әлеуетін,
ДІННІҢ өзін ҰЛТ МҮДЕСІНЕ жегуге, тырысуы тиіс…!!!
ДІН мен БИЛІК “сиам” ЕГІЗДЕРІ сияқты, бір бірінен ажырамас ЖҮЙЕ ғой…
… ғасырлар бойы ЕЛ БИЛЕУШІЛЕРДІҢ көңілінен шығып, жүректерінен орын алып алған ДІНДЕР, ғасырлар бойы өз әлеуетін жетілдіріп, өздерін қолдаушы БИЛІККЕ қызмет етіп келеді… … жалпы,
ДІН дегеніміз — адамзаттың ЖАЛҒЫЗ ҚҰДАЙЫН — əр түрлі атпен МЕНШІКТЕП алып, өз мүдделерін ғана күйттеп, БИЛІКПЕН ауыз жаласқан алаяқ топтардың КӘСІБІ сияқты ҒОЙ…
… сондықтан ДІН атаулыдан құтылу қарапайым халыққа мүмкін емес сияқты,
тек ӨЗЕГІ мықты ӨЗ БОЛМЫСЫНАН айырылмаған ҰЛТТАР ғана,
кез келген ДІННІҢ өзін өз мүдделеріне жеге алады…
… ал ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС дегеніміз,
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ САЛТ — ДӘСТҮРІ, ӘДЕТ — ҒҰРПЫ емес пе…?!
ДІН қазақ ұлтына ҚҰТ па, ЖҰТ па…?!
…ғасырлар бойы ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА дендеп кіре алмаған ислам ДІНІН сөз жүзінде ғана мойындап, ІС ЖҮЗІНДЕ ата бабаларының СЕНІМ — нанымын, САЛТ — ДӘСТҮРІН өмірлік ҚАЗЫҚ етіп, өз ақыл — парасатына сүйенген ҚАЗАҚ ҰЛТЫН толықтай ҚҰЛ ете алмасын білген,
ХІХ — ғасырда Орта Азия елдерін бодандықта ұстаған РЕСЕЙДІҢ қатын ПАТШАСЫ,
қыруар ақша шығындап Қазақ Еліне “жалдамалы” молдаларды қаптатып, ислам ДІНІН күшпен кіргізіп,
“…ПАТША жердегі АЛЛАНЫҢ көлеңкесі…”, “…МҰСЫЛМАН адам АЛЛАНЫҢ (патшаның) ҚҰЛЫ…”- дегізіп,
бұған дейін өздерін “ЖАРАТУШЫНЫҢ ұл — қызымын “- деп өмір сүрген ҚАЗАҚ ұлтының РУХЫН өшіріп,
ХАЛЫҚТЫ момын — көнбіс ТОБЫРҒА айналдырды.
ДІННІҢ ұлтқа қызмет етуі — бірінші БАСШЫҒА тікелей БАЙЛАНЫСТЫ.
… егер БІРІНШІ басшы, РӘТБЕК қажы НЫСАНБАЙ сынды, ҰЛТ МҮДДЕСІН ойлайтын МІНЕЗДІ парасат иесі болса,
ДІН елімізге ҚҰТ болады.
… егер БІРІНШІ басшы, ӘБСАТТАР қажы ДЕРБІСӘЛІ сынды, тек өз мүддесін ойлайтын МІНЕЗСІЗ жасық ( тек кітап кемірген ЗОМБИ) болса,
ДІН елімізге ЖҰТ болады.
Ратбек Нысанбай мүфти: “… парасатты бабаларымыз, қазақ қоғамын, ұлттың әдет-ғұрпымен басқарған…”
https://www.facebook.com/100003036273963/posts/5437226136388542/?d=n
СЕНІМ және ДІН
… құдайға деген СЕНІМ адамзаттың қанынан өтіп, сүйегіне сіңген ӘДЕТ-ҒҰРЫП, әр ұлттың БОЛМЫСЫН қалыптастырған ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ.
Сондықтан СЕНІМГЕ ешқандай кітаптың да, пайғамбардың да керегі жоқ…
… Ғасырлар бойы БИЛІКТІҢ күшіне сүйеніп, ДІНДІ кәсіп еткен ДІН қызметкерлерінің УАҒЫЗДАРЫНЫҢ нәтижесінде,
ДІНИ ұжымдық ГИПНОЗ, күллі АДАМЗАТТЫҢ мыйынан өтіп, сүйегіне дейін сіңіп кеткен. Бүгінгі күні бұл ШЫНДЫҚПЕН санаспауға болмайды…
Бүгін ДІН жеке мемлекет ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде САЙАСАТ ҚҰРАЛЫНА айналған…
ШƏКƏРІМ:
Бұл кездегі діндердің бəрі нашар,
Ешбiрi түзу емес көңiл ашар.
Өңкей алдау, жалғанды дiнiм дейдi,
Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар…
ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВ:
«… Жер бетінде жұмақ орнату туралы ең жақсы сөздердің өзі, жерді тозаққа айналдырып жіберуі мүмкін. Тіпті ол кейбір мемлекеттерді есінен адастыруда. Бұл әсіресе, дінге байланысты. Сондықтан оған жүрдім-бардым қарауға болмайды. Мәселен, Кения мемлекетінің президенті Жомо Кениатта өз мемлекетінің басына түскен ауыр халді былайша түсіндіреді: «Батыстың адамдары Кенияға келгенде қолдарында Інжіл, ал біздің қолымызда жеріміз болатын. Біздің көзімізді байлап, шоқынуды үйретті. Көзімізді ашқанда алақанымызда Інжіл, ал олардың қолында біздің жеріміз қалыпты».
МІНЕ, ДІННІҢ ҚИРАТУШЫЛЫҚ КҮШІ…»
Ұлы гуманист Махатма Ганди: «…Адамзатқа жойқын залал келтіруі мүмкін жеті әлеуметтік күнәдан сақтандырыпты. Олар: принципсіз саясат, бейнетсіз байлық, арсыз рахат, ақиқатсыз білім, имансыз сауда, ізгіліксіз ғылым, құрбандықсыз құлшылық». Осыдан сабақ алған жазушы (Қалтай Мұхамеджанов) дінге тым бас-көзі жоқ беріліп кетпей, ұлтының ғылымға, өнерге, өркениетке ұмтылу жағына көбірек көңіл бөлуін жақтайды, әрі осы жолдағы ойын халықтың санасына жеткізуге тырысады. (жалғасы..)