Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қазақ Елінің болашағы — ұлттық болмысы жаңғырған жас ұрпақтың қолында! (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 24 қыркүйек 2009 жыл.

    2009 жылдың 22 қыркүйегінде, Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы №145 мектепте «Ана тілім — ардағым, адастырмас қазығым!» атты тақырыпта Қазақ Елі балалар басылымдары басшыларымен шығармашылық кездесу болып өтті.

    "Дала гулдері" би ансамблі. 145 мектеп. Алматы.
    Балалар басылымдары басшылары №145 мектепте. Алматы.

    Балалар басылымдары басшылары №145 мектепте. Алматы.

    Кездесуге еліміздегі балалар басылымдарының басын қосқан «Жас өркен» ЖШС жетекшісінің орынбасары Дүйсен Мүсірәлі, «Балдырған» журналы редакторының орынбасары Болат Үсенбаев, «Ақ желкен» журналының редакторы Нұрғали Ораз, «Ұлан» газетінің редакторы Есей Жеңісұлы, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры Мұхтархан Оразбай, мектеп ұстаздары мен оқушылары және ата-аналар қатысты.

    Қонақтар, оқушылардың ұлттық ойлау қабілетінің қалыптасуына қазақ тілді балалар басылымдарының айрықша орын алатыны жөнінде мазмұнды әңгімелер айтып, мектеп ұжымына өз туындыларын сыйға тартты.
    Өз кезегінде, оқушылар аталмыш басылым авторлары шығармаларынан шағын концерт берді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    145 мектеп қонақтары Қазақ тілді балалар басылымдары басшылары
    Ғалым Мұхтархан Оразбай АНА ТІЛІ мерекесінде Алматы 145 мектеп
    Болат Үсенбаев АНА ТІЛІ мерекесінде Алматы 145 мектеп
    Дүйсен Мүсірәлі АНА ТІЛІ мерекесінде Алматы қаласы 145 мектеп
    Есей Жеңісұлы АНА ТІЛІ мерекесінде Алматы қаласы 145 мектеп
    Нұрғали Ораз АНА ТІЛІ мерекесінде Алматы қаласы 145 мектеп

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    24 Қыркүйек 2009 at 10:17 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 886 рет қаралған ...

    Ұлттық болмысымызды жаңғыртуға ат салысып жүрген азаматтарды қолдау керек! (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 23 қыркүйек 2009 жыл.

    Ұлттық үнімізді өшіріп, рухани жұтатып, ұлттық болмысымызды өзгертуді көксегендердің ойы жүзеге аспай, ниеті түзу қазақ халқына Алла жар болып, ұлттық тәуелсіздікке жеттік.

    Егемендіктің 17 жылы бекер өткен жоқ, ғалымдар, ақын-жазушылар, басқа да мәдениет және қоғам қайраткерлері халқымыздың ұлттық санасын жаңғыртуға өз деңгейлеріне сай, шама-шарқынша үлес қосып келеді.

    /

    /

    Солардың бірегейі, Мәдени саясат және өнертану институты «Музыка және акустика» зертханасының меңгерушісі, өнертанушы-ғалым Жұмагелді Нәжмеденов ұлтымыздың домбырасын тереңнен зерттеп, халқымыздың музыка саласындағы ғасырлық тәжірибелерін жинақтап, Әл-Фараби бабамыздың ілімін жалғастырып, оны ғылыми тұрғыдан негіздеп, өзінің көптеген еңбектерін жарыққа шығарды.
    Сонымен бірге домбыра үйренудің ең оңай, үнемді САНДЫҚ НОТА тәсілін насихаттап қана қоймай, үйірмелер ашып халыққа домбыра тартуды іс жүзінде үйретуде.

    Осындай, қолынан нақты іс келетін, азаматтарға мемлекеттік қолдау қажет.

    Мектепте 11-жыл музыка пәнін оқыса да, домбыра тартып — ән салдыра алмайтын, яки ұлттық үнді қалыптастыра алмайтын, Кеңестік дәуірден мұра болып қалған, Білім жүйесіне қашан оңды өзгерістер енеді?

    Құрметті Оқырмандар және Көрермендер!

    Сіздер бұл жөнінде қандай пікір-ұсыныс айтасыздар?

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Домбыраны сандық нотамен үйрену Жұмагелді Нәжмеденов 16 09 09 ж
    Домбыраны сандық нота тәсілімен үйрену Нәсима Рамазанова
    Домбыраны сандық нота тәсілмен үйренуші мұғалімдердің пікірі
    Домбыраны сандық нотамен үйрену Қожахмет Азина Қабдешқызы

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    23 Қыркүйек 2009 at 19:06 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 264 рет қаралған ...

    2009 жылы 22 кыркүйекте өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы (видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 22 қыркүйек 2009 жыл.

    Қазақты Өзге тілде сөйлеткізіп, Өзгенің киімін кигізіп,Өзгенің әнін айтқызып,

    Өзгенің әуеніне билеткізетін қандай КҮШ ?


    Бүгін, қыркүйектiң 22-сiнде, қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебе алғанына 20 жыл толды. Дәл осындай тарихи дата посткеңестiк мемлекеттердiң көбiнде аталып өтуде. Мәселен, Тәжiкстан жақында ғана тәжiк тiлiнiң мемлекеттiк аренаға шыққанының 20 жылдығын атап өттi. Осы бiр тарихи датада сөз сөйлеген Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмон орыс тiлiн ұлтаралық қарым-қатынас тiлi мәртебесiнен айыратындығын мәлiмдеген.

    Бұл мәлiмдеменiң Мәскеудiң қытығына тигенi соншалық, “Тәжiкстан егер бұл қадамға баратын болса, бiз экономикалық санкция қолданамыз” деп қоқан-лоққы танытты. Ресми Душанбе Мәскеудiң экономикалық қысымынан қорықты ма, жоқ өзiнiң iшкi есебi болды ма, Конституциямен бекiтiлген орыс тiлiнiң ресми статусын өзгертуге әзiрге асығар емес. Дегенмен, Тәжiк президентi осы мәлiмдемесi арқылы-ақ, тәжiк тiлiнiң мәртебесiн өз жерлестерiнiң алдында тағы бiр асқақтатып тастады. Ал, бiзде ше?

    YКIМЕТТIҢ ТОЙҒА ТАРТҚАН “ТОСЫН СЫЙЫ”
    Әрине, бiздi алда не күтiп тұрғаны әзiрге мәлiм емес. Бiрақ, Тiлдер мейрамының алдында Үкiмет өзiнiң жаңа Қаулысымен қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн тағы бiр мәрте төменге тартты. Бұл Қаулы бойынша, Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерiс енгiзiлген. Онда 2009 жылғы “Мемлекеттiк органдарда iс жүргiзудегi мемлекеттiк тiлдiң үлес салмағын 70-пайыздан 60%-ға төмендету” көзделген.
    Демек, қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiнiң 20 жылдығы алдындағы Үкiметтiң елге тартқан сюрпризi осы. Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Тiл комитетiнiң ресми хабарламасына қарағанда, қазiр көптеген министрлiктердiң мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу iсi көңiл көншiтпей отырған көрiнедi. Олардың iшiнде Сыртқы iстер, Қаржы, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерi бар.

    «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясынан түсірілген бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Мемлекеттік тілді қолдау акциясына жиналған халық Сағат 11 30
    Мемлекеттік тілді қолдау акциясына жыйылған халық Сағат 11 40
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ акциясы Жасарал Қуанышәлі
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ акциясы Мұхтар Шахановтың сөзі
    Болат Абилов МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ акциясында 20 09 09 жыл
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ акциясы АЛҒА партиясы Владимир Козлов
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ акциясы Алматы 20 09 09 жыл 01
    Мұхтар Шаханов мемлекеттік тілді қолдау акциясында

    Мемлекеттік тілді колдау акциясы. Алматы. Республика сарайы.

    Мемлекеттік тілді колдау акциясы. Алматы. Республика сарайы.

    Мемлекеттік тілді колдау акциясы. Республика сарайы.

    Мемлекеттік тілді колдау акциясы. Республика сарайы.

    Когамдык уйымдар талап етуде.

    Когамдык уйымдар талап етуде.

    Мемлекеттік тілді колдау акциясы. Лыка толган Республика сарайы.

    Мемлекеттік тілді колдау акциясы. Лыка толган Республика сарайы.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    22 Қыркүйек 2009 at 11:01 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 514 рет қаралған ...

    Ұлттық болмысымызды қалыптастырған — Қазақтың қоңыр үні. (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 20 қыркүйек 2009 жыл.

    Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн,
    Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.

    Суретті түсірген Болат Наукенулы. Алматы 20.09.09 жыл.

    Суретті түсірген Болат Наукенулы. Алматы 20.09.09 жыл.

    18 қыркүйек 2009 жылы сағат 11.00 Мәдени саясат және өнертану институтында «Тел қоңыр» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті.
    Қазақтың ғасырлар сынынан сүрінбей өткен ғажайып мұрасы – дәстүрлі музыкасы.
    Қазақ халқының музыкалық мәдениеті өзінің терең тамырлы тарихымен де, философиялық синтезге толы мазмұнымен де, эстетикалық эмоциялық рухының асқақтығымен де өмір тіршілікті бейнелеуден жоғары рухани болмысында да айырықша орын алады.
    Дәстүрлі музыка өнері туралы ой қозғағанда әуелі әр өңірдің өзіне тән болып келетін мақам-нақышына көңіл бөлінетіндігі сөзсіз.
    Шүкір, қа¬зақ өнері кең арналы, сан тар¬мақты. Атақ-абыройымызды оның түрлі жанры бойынша бүкіл әлемге танытып жүрген дарынды жастарымыз қаншама дегендей. Бірақ, гәп мұнда емес. Бүгінгі біздің әңгімеміз халқы¬мыздың ұлттық дәстүрлі музыка өнері туралы болмақ. Інжу-маржанды, асыл жауһарды осы әлемнің қатпарларынан қазып шығарғымыз келеді.
    Әр елдің өнерге деген ерек¬ше құрметі, халықтың мәдениеті жоғары деңгейде болуымен бірге, әр ұлттың ерекшелігі мен салт-дәстүрін сақ¬тап қалуын аңғартса керек. Қазақ халқының да берік дәстүрі, өнер мен мәдениеті ежелден қалыптасқан. Бізге дамыған 50 елдің қатарына өту мақсат болса, моңғолдар Қазақстан сияқты біз де көшімізді түзесек деп аңсайтын көрінеді. Мұндайда атамекенін аңсап, туған жердің тұғырлы тұлғасы мен түр-тұрпатын көруге жиналатын қандастар ойын білу, сағыныштың саумал сазына құлақ түру жаныңызға тылсым сыр ұялатады. Өздерінің өркениет көшін Еуропадан гөрі Азияның дамыған елдеріне қарай түзеген жұрттың Қазақстанға деген көзқарасы өте жоғары екені аңғарылып тұрды. Қаймағы бұзылмаған сонау алыста жатып шырылдаған ағайынның қазақтың ән-күйін ұзақ жылдар бойы сақтап келгеніне, сондай-ақ ел деп соққан жүрегіне қалайша сүйсінбессіз?!
    Қазақ халқының мәдени-рухани әлемі туралы кез келген салиқалы ой-толғам, оның музыкалық мұрасына әсте соқпай өте алмайды.
    Нағыз мәдениет, әсіресе рухани мәдениет тек қана ұлттық-этникалық төлтумалықта көрініс табады және сол төлтума қасиетін тұғыр ете отырып қана дамып, шыңдалады. Қазақ ұлтына ғана тән «қоңыр» сөзі әрауқытта қазақтың тілінде жағымды жайлылықты білдірсе, түс ретінде қазақтың рухани жан-дүниесіне, барынша үйлесетінін бәріміз жақсы білеміз.
    Қазақ халқы әр сөзге қоңыр тіркесін бекер қоспаса керек. «Қоңыр күз», «қоңыр дауыс», «қоңыр салқын», «қоңыр күй», «қоңыр жел» т.б.
    Ендеше кітаптың «Тел қоңыр» деп аталғаны да көп нарсені аңғартқандай.

    Кітапқа негізінен Моңғолияның Баян Өлгей еліне арнайы құрылған экспедиция құрамының Алтын қордағы Моңғолия қазақтарының сыбызғышы мен домбырашылардың күйлерінің таспаға жазып алынған материалдары жарияланды.
    Кітапта Моңғол қазақтарының бірқатар ән-күйлерінің партитуралары енгізіліп отыр.
    Басылым дирижерлік, консерватория, музыка колледждері мен педагогикалық институттардың музыка факультеттерінің және музыка мектептерінің оқытушыларына, студенттері мен оқушыларына арналады.

    ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Жазушы Ғаббас Қабышев
    ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Өнертанушы ғалым Қайрғазы Төлен
    ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Өнертанушы Қалкен Әбдіғазы
    ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Композитор Мұсайып Құсайынұлы
    ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы ДҚҚ ұйымы өкілі Ботагөз Уатқан
    ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы тұсаукесері АҚҚУ күйі Қобыз
    ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Саясаттанушы ғалым Ерлан Саиров
    ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы тұсаукесері Концерт Қайырғазы Төлен
    ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы профессор Алдаберген Мырзабеков

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    21 Қыркүйек 2009 at 16:54 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 604 рет қаралған ...

    ЖОВТИСТІҢ ІСІ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 19 қыркүйек 2009 жыл.

    ЖОВТИСТІҢ ІСІ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ:

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Евгений Жовтистің ісі жайлы Әзімбай Ғалидің пікірі

    Евгений Жовтистің ісі жайлы Саясаттанушы Айдос Сарымның пікірі

    Евгений Жовтистің ісі жайлы Жазушы Ғаббас Қабышұлының пікірі
    МИФ и РЕАЛЬНОСТЬ о Евгение Жовтисе Жанділдә Жақыпов 14 09 09 жыл

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    19 Қыркүйек 2009 at 15:16 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 586 рет қаралған ...

    ҚАЗАҚ ҮНІ — БІЗДІҢ РУХЫМЫЗДЫҢ ӨЛШЕМІ (видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 17 қыркүйек 2009 жыл.

    «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына арналған пресс конференциядан бейнелі репортаж:


    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    ҚАЗАҚ ТІЛІ үшін жанталас Мұхтар Шаханов прессконференция
    Қазақ тілі үшін жанталас ТАБИҒАТ экология Одағы Нұржан Ошанбеков
    ҚАЗАҚ ТІЛІ ҮШІН ЖАНТАЛАС прессконференциядан көріністер 16 09 09
    Қазақ тілі үшін жанталас Жастар Одағы Дәурен Бабамұратов
    Қазақ тілі үшін жанталас Желтоқсаншы Бейсенғазы Нүкен

    — Қазақ тілі демекші, қазақ тілінің мұңын мұңдаумен 20 жылдығын да тойлайтын уақыт келіп қалыпты…
    Жақында Өзбекстаннан Балтабай есімді ақсақал «…інім, «Ұлттық болмыс және урбанизация» атты сұхбатыңды «Қазақ әдебиетінен» оқып, ой бөлісейін деп едім» деп хабарласып, Алматыға іздеп келді. Өзі өмірден оқып-тоқығаны мол, ғұлама, нағыз ауыл ақсақалы екен. Тамырымыз бір өзбек халқы ұлттық болмысына қаяу түсірткізбей, мемлекеттілігін өз мүддесіне толық жегіп отыр. Өз жерінде өзбектің үні зор, сондықтан ұрпағымыз өзбектеніп барады. Қазақстанға барып-келіп, еңбектеніп жүрген біраз жекжаттарымыздың көңіл-күйі төмен. Олардың айтуынша Қазақстан мемлекеті бар, бірақ ұлттық үні пәс екен, Парламенті бар, бірақ оның ұлттық үні жоқ екен, Үкіметі бар, бірақ онда ұлттық үнге шорқақ екен, Экономикасы бар, бірақ онда өзгенің үні басым екен, Діні бар, бірақ олда 40 үнге бөлінген-100 тармақты екен деген әңгімелерін естіп, өзбек ағайындардың «орыс болам десең, алдымен қазақ болып ал» деген қағытпаларының жаны бар ма деп, көшуге жүрексініп отырмыз деп т.б. көп әңгімелер айтты.
    Біз, осының бәрін күнде көріп жүрсек те, «бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп іштен тынып жүргенде, шетелдіктер қазақтың тамырын басып, баяғыда-ақ біліп алған екен-ау. Сондықтан мерейтойды қай бетімізбен тойлаймыз.
    «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» деп кімді марапаттаймыз? Өзге тілді Қазақстан азаматтарын 3 жыл мемлекеттік бала-бақшада, 11 жыл мемлекеттік мектепте оқытып, мемлекеттік тілге үйрете алмайтын білім жүйесін бе? Әлде жыл сайын мектептерден мемлекеттік тілді меңгере алмай шығатын 100 мыңдай азаматты, 20 жыл бойы қыруар қаржы шығындап, мемлекеттік тілге үйрете алмай келе жатқан мемлекеттік шенеуніктерді ме?
    Әлде 16 миллион біртұтас халықтың ішінен мемлекеттік тілді білетін, ұлттық ойлау қабілеті жоғары, Еліміздің тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, мәдениетін жақсы білетін тәрбиелі-білімді мың азаматты іріктеп ала алмайтын азаматтық қоғамымызды ма? Меніңше, мектеп бітіргеннен кейін азаматтарға тілді үйретуге ақша шығындау мүлде теріс жол. Ең дұрысы сенатор Ғарифолла Әнес көтерген, бастауыш мектепте тек қана мемлекеттік тілде білім беріп, 5-ші сыныптан бастап өзге тілдерді қоса оқыту жобасын ертеңге қалдырмай бүгіннен бастау абзал.
    Ерте кезде жастарға, жалпы қазаққа толыққанды, жан-жақты тәрбиені ата-ауыл-ру қауымының тәрбиелік әрі жауапкершілік ортасы ғана берген. Ол кездегі ата-ауыл-ру қауымы нағыз зиялы, адамның жан-дүниесін ашатын орта болған, сондықтан ата-әжелерінен таза ұлттық тәрбие алып, ҚАЗАҚ ҮНІНЕ уызында қанған Абай, Шәкәрім, Мұқтар, Ілияс, Мағжан, Бейімбет, А.Байтұрсынұлы сынды зиялылар ұрпағына ұзақ жылдар рухани азық болар туындыларын беріп кетті. Ал Кеңес мектебі бізді тіпті теріс оқытып келді. Абай: «тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырмас адам баласын» деп айтып кеткен екен. Ал бізге «тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» деп жаттатқызды. Бір ғана сөзді өзгерту арқылы, біздің санамызға сына қақты. Кедей болу мақтаныш, «кедейден шықтым» деу зор құрмет саналды. Саналары Орыс-Кеңес мектебінің диірменінен өткен бүгінгі ата-әжелер өз ұрпағын, ҚАЗАҚ ҮНІНЕ қандыра алмай, сорлатып отыр. Жағдайды түзеу үшін, Елінің болашағына сенетін әр бір азамат балалары мен немерелерін ұлттық құндылықтар негізінде жаңғырған қазақ бала-бақшалары мен мектептеріне беруі керек. Біз әлі күнге дейін тіл-тіл деп үн деген сөзге мән бермей келе жатырмыз. Ертеде «үнің өшсін» деген қарғысты жойылып кет, құрып кет деген мағынада қолданған. Балтабай ақсақал айтқандай, Елімізде қазақтың үні бәсең, тіпті қоғамымыздың көп салаларында жоқ десе де болады. Кейде мен осы үніміз шықпай, өзіміз де жойылып кетіп бара жатқандай сезінемін.
    Батысқа еліктеген бауырларымыз өзге тілде ойлап, өзге дыбысқа толғанып, өзгенің сырын түйсігіне түйіп, ұлттық болмысы өзгеріп барады. Тіпті кейде маған парасатты батыр бабаларымыздын рухы өзгелердің үнінен шошып, қазақ топырағына қона алмай жүргендей көрінеді.

    Үннің табиғаты тербеліс-толқын, ендеше ол энергия-күш.

    Осыны білген Қорқыт ата бабамыз:


    Құлақ астым сыбысқа,
    Ой толғадым дыбысқа.
    Сырын түйіп түйсікке,
    Үн жинадым тынысқа
    — деген өсиет сөздер қалдырыпты.

    Қасиетті құранда да ҮН туралы мәлімет бар екен. Ақын Әубәкір Дастанұлының Бақара сүресінен еркін аудармасының үзіндісі:
    …Қиындық басқа түскенде, көмекке келсін төзімің,
    Адамда төзім ұлы күш және ұлы күш өз үнің.

    Түйсікке түйілген ұлттық сырлар үн арқылы халықты ұйытатын күш болса, онда Қазақ үні – біздің рухымыздың өлшемі болды ғой.

    Ұлттық мәдениет, тіл туралы Ел ағаларының ойлары(бейнесюжеттер)

    Фарабитанушы ғұлама Балтабай Қабылан ҚАЗАҚ ҮНІ хақында
    Фарабитанушы Балтабай Қабылан қазақ ҮНІ мен өнері туралы

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    18 Қыркүйек 2009 at 09:44 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 12 206 рет қаралған ...