Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 7 қаңтар 2010 жыл.
2010 жылы 5 қаңтар күні, Копенгагенде (Дания) өткен Жаһандық климаттың өзгеруін талқылауға арналған Бүкіләлемдік саммиттен оралған «Табиғат» Экологиялық Одағының төрағасы М.Х.Елеусізовтің қорытынды баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда Қазақстан тарапынан қатерлі қауіпті еңсеруде, қолдан келер әдіс-айлалардың бәрін қолдану керектігі айтылды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 31 желтоқсан 2009 жыл.
2009 жылы 30 желтоқсан күні, «Жаңғыру» қоғамдық қоры Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясындағы түсірілген «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмінің тұсау кесерін өткізді. Аталмыш деректі фильм Алматы қаласына кешегі кезеңнен бүгінге дейін еңбегі сіңген Ел ағаларына, бүгінде еліміздің ең ірі мегаполисіне айналған шаhардың шам шырағын жаққан қайраткелердің тұлғалық тұрпаттарына арналған. Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
МАРАЛТАЙ, ақын:»О, Алматы… Мына қоғам оңбаған, ару болсаң неге сені сүймейді… Ұлдарың тұр көше бойлап, құл болған. Қыздарың тұр көше бойлап, күң болған…»
Мамбет Койгелдиев, тарихшы-галым
МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ, тарихшы-ғалым:»Жетісудың жүрегі — Алматының үлкен тарихы бар. Кезінде Ақорда мемлекетінің негізі Жетісуда қаланған.» ҚАЛИ СӘРСЕНБАЙ, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы:»Алматы — мыңжылдық тарихы бар көне шаһар»
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 28 желтоқсан 2009 жыл.
Алатау аудандык кукык коргау орталыгында. 28 желтоксан 2009 жыл
2009 жылы 28 желтоқсан күні Алматы қаласы Алатау ауданының Шаңырақ-2 ауылында «Азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру орталығы» ашылды. Құқықтық қызметтердің тапшылығын көрген халық, көптен күткен бұл орталық білікті заңгер Қуат Ерғалиевтың және Шәмшия Мұқатаеваның ынтасымен жүзеге асып отыр.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Уақыт талабына сай, халық игілігі үшін қызмет көрсететін осы орталықтың тұсаукесер рәсіміне «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы және Алматы қаласы Алатау ауданы аппаратының өкілдері қатысып, өз ой-пікірлерін айтты:
Куат Ергалиев
Қуат Ерғалиев, орталық жетекшісі: «Орталықтың мақсаты — аудан тұрғындарына, әсіресе, кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету.»
Шамшия Мукатаева
Шәмшия Мұқатаева, орталықтың қызметкері: «Жер мен үй заңдастыру, кәсіпкерлік ашу, әлеуметтік т.б.мәселелерді шешуде Қазақ Елі заңдарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуде өз үлесімізді қосамыз.»(жалғасы..)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 25 желтоқсан 2009 жыл.
«Қазақ әдебиеті» газетінде 15.12. 2009 № 52 (3163) жарияланған сұхбат
Жұмагелді НӘЖІМЕДЕНОВ, музыкатанушы ғалым:
«Әлемдік өрениет Қазақ жерінен басталған деуге негіз бар…» -Білуімізше, сіз акустика ғылымын зерттеген жансыз. Осы ғылымның бүгінгі музыкалық кеңістігіміздегі орны қандай?..
- Бір кездері академик Ахмет Жұбанов, Қаныш Сәтпаев ағаларымыз қазақ ұлт аспаптарының акустикасы зерттелсе деп армандаған екен… Дыбыс пен жарықтың ауадағы тербеліс жиілігін зерттейтін ғылым – акустика. Шындығында, бүкіл әлемдік ғылым акустикадан бастау алып тұр десек артық емес. Жапон ғалымдары Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адамның мінез-құлқын терең зерттей келе, бір тұжырымға келген: адам баласына әр секунд сайын жасалатын жамандықтың 70- 80пайызы жағымсыз дыбыстар арқылы, ал жағымды дыбыс 20-пайыз жүзеге асады екен. Яғни табиғаттағы қоршаған ортадағы дыбыстардың адам санасына әсері зор.
Домбыраның акустикасы жайлы 2003 жылы ғылыми зерттеу еңбегімді қорғап шықтым. Санкт-Петербург ғалымдарының айтуы бойынша бұл тақырыпта ТМД елдерінде диссертация қорғаған ешкім жоқ. Себебі Ресейде кезінде музыкалық акустиканы түбегейлі зерттеу жұмыстары 1930 жылдары басталған, алайда 1948 жылы компартияның шешімімен профессор Гарбузовтың Мәскеу консерваториясы жанынан ашылған акустика зертханасы жауып тасталған. Содан бері Ресейде де акустика ғылымын зерттеуі толыққанды дамымай қалды деуге болады. Мен еңбегімді саралаған ғылыми кеңес арғы жағы Жапония, бер жағы Финляндияның ғалымдары келіп диссертация кеңесінен қорғайтын беделді ұйым. (жалғасы..)
Газетіміздің өткен сандарының бірінде (№42) «Ел атауын Қазақстан емес «Қазақия» деп өзгерткен жөн» деп жазған едік. Осыған орай жұртшылық үн қосып жатыр. Негізінен қолдайды, Мемлекет атауын «Қазақия» деп атағанды жөн көреді.
Енді және бір фактіні тіркейік. Атам қазақ көне дәуірден ел атауын «Қазақстан» емес «Қазақия» деп келген. Мұны көптеген ескі тарих беттеріндегі деректер растайды. Мысалға ғалым Л.Н.Гумилев («Древние тюрки»), академик Маррдың, өзіміздің Шоқан Уәлиханның еңбектерінде, Фирдоусидің «Шахнамасында», Орхон жазуларында «Қазақия» сөзі жиі ұшырасады. Ал бұдан әрірек жылжысақ алғашқы және кейінгі «Түркі қағанаты» замандары мен ғұн (түріктер) мемлекеттерінің шежіресінде «Қазақия» атауы аталатыны тарихтан және аян. Айта кетейік, сол тұста көптеген қазіргі түркі тілдес елдердің негізі қаланған ғой. Мәселен, Апшерон жартылай түбегінде бүгінгі Әзірбайжан мемлекеті сап түзепті. Ғалымдар осы Әзірбайжанның алғашқы аты «Әзірбайчан» дейді. Осындағы «Әзірбай» (кісінің аты болуы керек – Қ.С) сөзіне қосылған «чан» мен біз айтып жүрген «стан» сөздерінің тегі парсы тілінен ауысқан жалғаулық. Кейін орыстар «чан» сөзін бұрмалай «жан» деп жазып кеткен. Содан да «Әзірбайчан» «Азербайжан» болып өзгергенін тарихшылар астын сызып жазып жүр. Ал «чан-стан» сөздері парсышадан аударғанда «лагерь» деген сөз екені ертеден-ақ белгілі. Ожегов сөздігінде де осындай мағына беретінін біз өткен мақалымызда толықтай келтіргенбіз. Тіптен сорақысы, «станның» астарында «воюющая, борюшаяся сторона, общественно-политическая группировка, в царской России: административно-полицейское подразделение уезда» дейтіндей мән бар. (жалғасы..)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 20 желтоқсан 2009 жыл.
2009 жылдың 15 желтоқсан күні С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде, эпидемиология ғылымына зор үлес қосқан белгілі қоғам қайраткері, КСРО МҒА және ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, медицина ғылымының докторы, профессор Ишанбай Қарақұловтың 100 жылдық мерей тойына арналған шаралар болып өтті.
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:«ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз