Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Ұлттық болмысты жаңғыртуға бағытталған РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ қорытындысы

    / Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 20 желтоқсан 2009 жыл

     

    ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ, ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ

    мәселелеріне арналған үздік жарияланымдарға

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

         «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры республикалық, облыстық, аудандық және қалалық БАҚ-да 2008 жылдың 1 қаңтарынан 30 қарашасына дейінгі кезеңде жарияланған және эфирге шыққан журналистік және ғылыми жұмыстарға 3 түрлі номинация бойынша Республикалық байқау өткізді.

         1. Өңірлік, ауылдық Үкіметтік Емес Ұйымдардың бүгінгі жағдайы.

         2. Ұлттық мәдениеттің жай-күйі.

         3. Қазақ Еліндегі этносаралық қатынастарды нығайтудың жаңа механизмдері.

    Бірінші номинация бойынша түскен материалдың саны — 9.

    Екінші номинация бойынша түскен материалдың саны -7.

    Үшінші номинация бойынша түскен материалдың саны -5.

    20161226_15473420161226_154702

         «Аллажар-қолдау» қоғамдық корының жанында құрылған сараптамалық Кеңесінің шешімі:

    Бірінші номинация бойынша,

    1-ші орын (150 мың теңге) — Жаңабай Кемал, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Арал аудандық «Толқын» газетінде 26 қараша 2008 жылы жарияланған «Арал өңіріндегі Үкіметтік Емес Ұйымдардың қалыптасуы, өзіндік бағдары және даму мүмкіндіктері» атты журналистік сараптамасы үшін берілді;

    2-ші орын (100 мың теңге) — Дархан Назар, «Ана тілі» газетінде 27 қараша 2008 жылы жарияланған «Тұралаған жұртқа тіреу күш; Ауылдағы Үкіметтік Емес Ұйымдарға қамқорлық қажет» атты сараптамалық мақаласы үшін берілді;

    3-ші орын (75 мың теңге) — Әмре Әрін, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Қазақ» халықаралық интернет-газетінде жарияланған «Үкіметтік Емес Ұйымдар — қоғаы дамуының қозғаушы күші» атты мақаласы үшін берілді.

    Екінші номинация бойынша,

    1-ші орын (150 мың теңге) — Совет-Хан Ғаббасов, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 2008 жылы «Бала тәрбиесі» журналында жарияланған «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа көзқарасы» атты топтама ғылыми мақалалары үшін берілді;

    2-ші орын (100 мың теңге) — Ғайыс Егембердиев, соғыс және еңбек ардагері, «Жетісу» облыстық газетінде 19 қаңтар 2008 жылы жарияланған «Тәмсіл тәлімі» атты мақаласы үшін берілді;

    3-ші орын (75 мың теңге) — Тоқтар Бейісқұлов, ғалым-журналист, «Қазақ» халықаралық интернет-газетінде жарияланған «Тіл мәдениеті — рухани өркениет мәйегі» атты мақаласы үшін берілді.

    Үшінші номинация бойынша,

    1-ші орын (150 мың теңге) — Серік Әбдрешұлы Ерғали, журналист, «Қазақ» халықаралық интернет-газетінде жарияланған «Қазақстандағы этносаралық келісім мен құрылымдары» атты мақаласы үшін берілді;

    2-ші орын (100 мың теңге) — Дастан Елдесов, журналист, 2008 жылы «Тасжарған» апталығында жарияланған топтама сараптамалық мақалалары үшін берілді;

    3-ші орын (75 мың теңге) — Сәуле Мамытхан, радио-журналист, 2008 жылы 2-ші наурызда Қазақ радиосында берілген «Қазақ Еліндегі этносаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелері» атты саяси-сараптамалық хабары үшін берілді.

    «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті                        Марат Бөтеев

    Алматы қаласы, 15 желтоқсан 2008 жыл.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    20 Желтоқсан 2009 at 10:07 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 865 рет қаралған ...

    Қазақ Елі ұлттық мерекесі — ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ. (Алматы қаласынан фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 16 желтоқсан 2009 жыл.

    Тауелсіздік монументі. 16.12.2009 жыл.

    Тауелсіздік монументі. 16.12.2009 жыл.

    "ЖЕЛТОКСАН - 86" арналган ескерткіш

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Қалдыбай Әбенов ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫ туралы 16 12 2009 жыл
    Кенжехан Матыжанов Халық үшін ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ең ұлық мереке!
    Қалдыбай Дүйсенғалиев Ел қатарлы ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ алғанымызға қуаныштымыз!
    Әділ Несіпбаев Ит іс тартысты қойып, ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН халықпен бірге тойлау керек!
    ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ өте мәдениетті түрде өтуде Кәсіпкер Құрманғали Ашанов
    ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН өз деңгейінде тойлатпайтын БИЛІКТЕ бір ҮРЕЙ бар Жанболат Мамай
    ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН тойлауда билік түзейтін кемшілік көп Жазушы Бейбіт Қойшыбаев
    ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН тойлау көңілімнен шықпайды 95 жастағы Ыбыраш Құлманов
    Басқаларға таптатпайтын ЖЕРІМДІ, Елбасым бар сенімді Қалдыбай Дүйсенғалиев
    ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН тойлауға әдейі кедергі жасаушыларды ҚАЛА ӘКІМІ анықтап, ауыздықтауы тиіс!

    Тәуелсіздік монументі жанына келіп тағзым еткен халық:

    dsc000016 dsc000021 dsc000173
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    17 Желтоқсан 2009 at 20:05 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 6 037 рет қаралған ...

    Сүйінші! «Діл қоңыр үнді домбыра — бренд» атты монография жарық көрді.(фоторепортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 15 желтоқсан 2009 жыл.

    Монографиянын мукабасы

    Монографиянын мукабасы

    УДК 1/14
    ББК 87.8
    Н 32

    Қазақтың мәдени саясат және өнертану институты
    Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды

    Пікір жазғандар: Ғабитов Т.Х -әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің, профессоры, философия ғылымдарының докторы;
    Әбдіғалиева Г.Қ -әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің, профессоры, философия ғылымдарының докторы

    Нәжімеденов Ж, Алтаев Ж.А, Байғозы Ж.О
    Н 32 Діл қоңыр үнді домбыра –бренд. Монография. Алматы: ҚазМСӨИ баспасы, 2009 -474 бет

    ISBN 978-601-80040-7-0

    Бұл монографияның бір ерекшелігі − мұнда авторлардың өздерінің ізденістерінің нәтижесінде туындаған көптеген жаңа ұғымдар, терминдер, сөз тіркестері бар. Мысалы, көшпейтін көшпенділер, қоңыр үнді қазақ елі, үн-қоңыр ділді халық т.б. Бұндай ұғымдардың, сөздердің алғаш танысқанда, түсініксіз, тосын көрінетіні жасырын емес. Алайда, зер салып, зейін қойып оқыған адам − ондай дүниелердің ғылыми негізі бар, әбден орынды екеніне монографиялық жұмыспен тереңдеп танысу барысында біртіндеп көз жеткізе алады. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    15 Желтоқсан 2009 at 12:52 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 163 рет қаралған ...

    Өз Елінде өгейдің күйін кешкен ұлттық БАҚ туралы (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 13 желтоқсан 2009 жыл.

    2009 жылдың 12 желтоқсан күні Алматы қаласында, Халықаралық Соғыс және бейбітшілік репортаждар институты мен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлттық БАҚ бүгінгі хал ахуалы» атты бір күндік семинар болып өтті.

    Семинардың мақсаты – жаһандану жағдайындағы қазақ ақпаратының бүгінгі хал ахуалы жайында пікір алмасу, келесі жылдың басында өтуі тиіс Қазақ Елі ұлттық ақпарат құралдарының тұңғыш халықаралық форумында талқыға түсер мәселелер төңірегінде ой қозғау және бүгінгі қазақ баспасөзінің толғақты мәселелерін сөз ету.

    Қазақстанда қазақтілді ақпарат құралдарынан гөрі, орыстілді ақпараттың жетекші рөл атқарып отырғаны жасырын емес. Бүгінде елімізде жарық көретін мерзімді басылымдардың 80%-ы орыс тілінде ақпарат таратады. Радио-теле эфирлердің прайм-таймының 80%-ын тағы да орыстілді ақпарат иеленеді. Әрине, қазақтілді БАҚ-тың бұл пүшайман халіне өз елінде өгейдің күйін кешіп отырған қазақ тілінің төрге оза алмай отыруы – басты себеп.

    Бұл ретте әлеуметтанушылар билікке белгілі бір ұлт тарапынан әлеуметтік қысым жоғары болғанда, билік олармен санасуға мәжбүр болады деген ой айтады. Соңғы бір-екі ай көлемінде қазақ билікке өзінің саяси талабын қоя бастады. Билік елдегі мемлекетқұраушы ұлтпен санаспауға болмайтындығын сезіне бастады.

    Сол себепті қазақтілді ақпарат құралдарының өкілдері күні бүгінге дейін қордаланып қалған ойларын талқыға салып, өзара пікір алмасып, қоғам дамуынан кенже қалып отырған ұлттық баспасөзді дамыту мәселелерін талқыға салуды жөн көріпті.
    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:


    Сан қырлы өмірімізге ҰЛТШЫЛДЫҚ КӨЗҚАРАС керек 1 Айдос Сарым
    Басты міндет еркін ойлы тәуелсіз журналист дайындау Қарлыға Мысаева
    Журналистердің құқықтық білігі жайында Кәмшат Тасболатова
    Ұлт батырларын емес,сайқымазақтарды жазуға мәжбүрміз Өркен Кенжебек
    Ұлттық БАҚ Республикалық Форумы жайлы Дәурен Қуат

    (біраз бейнесюжеттер әлі өңделуде…)

    Айдос Сарым

    Айдос Сарым

    А.Сарым:Сан қырлы өмірімізге ҰЛТШЫЛДЫҚ КӨЗҚАРАСПЕН қарайық!
    Даурен Куат

    Даурен Куат

    Д.Қуат:Ұлттық БАҚ Форумында Қазақ Елі мүддесін қорғайық!
    Асхат Еркімбай

    Асхат Еркімбай

    А.Еркімбай:ЖАҢА МЕДИЯНЫ Қазақ тілінде игерейік!

    Карлыга Мысаева

    Карлыга Мысаева

    Қ.Мысаева:Журналистік білім беру мәселелері жайында. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    13 Желтоқсан 2009 at 17:38 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 057 рет қаралған ...

    1986 жылғы ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ жайлы шынайы түсірілген «АЛЛАЖАР» фильмінен көріністер

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 11 желтоқсан 2009 жыл.

    КЕШЕГІ ЖЕЛТОҚСАН-86 КЕЗІНДЕГІ ТӘУЕЛДІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН, БҮГІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚТАРМЕН САЛЫСТЫРУҒА БОЛА МА?

    Салыстыру үрдісі жеңіл болуы үшін, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің ізі суымай тұрғанда «Қазақфильм» және «Барыс» киностудиялары бірлесіп түсірген «АЛЛАЖАР» көркем фильмінің үзінділерін көріңіздер.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    \"Аллажар\"көркем фильмі
    Көкейде жүрген ойлар
    Қалдыбай Әбеновтың АЛЛАЖАР фильмін көруге ынтық қазақтар көп
    АЛЛАЖАР көркем фильмінен көріністер 1
    Аллажар көркем фильмінен көріністер 2
    Аллажар көркем фильмінен көріністер 3

    Ережесіз жекпе жектен Әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Назар ағаларымен бірге.

    Ережесіз жекпе жектен Әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Назар ағаларымен бірге.

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    11 Желтоқсан 2009 at 12:08 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 6 069 рет қаралған ...

    «ҚЫЗ ЖІБЕК» жыры — адамзат мәдени мұрасының жаухары (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 10 желтоқсан 2009 жыл.

    2009 жылы 8 желтоқсан күні Алматы қаласында «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі және М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Мәдени мұра бағдарламасының тиімділігі және “Қыз Жібек” жы¬рының 500 жылдығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    ҚЫЗ ЖІБЕК жырынан үзінді Жыршы Аманқос Садықов
    ҚЫЗ ЖІБЕК жыры адамзат мәдени мұрасы жаухары академик Сейіт Қасқабасов
    ҚЫЗ ЖІБЕК жырының текстологиясы филолог ғалым Ж Рақышева
    ҚЫЗ ЖІБЕК жырының музыкасы өнертанушы ғалым А Бұлтбаева
    ҚЫЗ ЖІБЕК жырын насихаттау шаралары Болатбек Төлепберген
    ҚЫЗ ЖІБЕК жыры ғасырлар тезінен аман жеткен Бабалар хаты ғалым Серік Қосан
    ҚЫЗ ЖІБЕК жырынан үзінді. Жыршы Сардарбек Қожағұлов..MPG
    ҚЫЗ ЖІБЕК операсының қойылымдары Өнертанушы ғалым А Мұқан

    Конференцияға қатысып сөз сөйлегендер:
    dsc000012Кіріспе сөз. Сейіт Қасқабасов, ҰҒА академигі, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры

    dsc000121«Қыз Жібек» жырының варианттары, С.Қосан, филология ғылымдарының кандидаты

    dsc000211«Қыз Жібек» жырының текстологиясы, Ж.Рақышева, филология ғылымдарының кандидаты

    dsc000081«Қыз Жібек» жырынан үзінді. Орындайтын жыршы ҚР Мәдениет қайраткері Сардарбек Қожағұлов

    dsc000221«Қыз Жібек» жырының музыкасы, А.Бұлтбаева, өнертану ғылымдарының кандидаты

    dsc00023«Қыз Жібек» операсының қойылымдары, А.Мұқан, өнертану ғылымдарының кандидаты

    dsc00020«Мемлекеттік «Мәдени мұра» және «Алматы қаласының мәдени
    мұрасы» аймақтық бағдарламаларының тиімділігі және «Қыз Жібек» жырын насихаттаудағы шаралар, Болатбек Төлепберген, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

    dsc000043«Қыз Жібек» жырынан үзінді. Орындайтын жыршы, Республикалық жыршылар байқауының лауреаты Аманқос Садықов

    Конференцияга катысушылардын бір тобы

    Конференцияга катысушылардын бір тобы

    Еліміздің сан ғасырлық тарих қойнауындағы мәдени мұрасын халықтың рухани айналымына қосу және кеңінен насихаттау мақсатындағы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы 2003 жылы басталған болатын. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    10 Желтоқсан 2009 at 09:44 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 11 529 рет қаралған ...